Жаңалықтар

Алматыда санитарлық шаралар күшейтіледі

ашық дереккөзі

Алматыда санитарлық шаралар күшейтіледі

Алматы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «сары» аймаққа өткендіктен, санитарлық шаралар күшейтіледі деп хабарлады turkystan.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап. COVID-19 ауруының өсуіне байланысты қосымша шаралар қабылдау туралы шешім қабылданды: - науқаспен жақын байланыста болған адамдарды қашықтан жұмыс жасау түріне ауыстыру; - вакцинациялануға абсолюттік қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс жасауға ауыстыру; - жабық мекемелерде, қоғамдық көліктерде маска тағу ұсынылады. «Әзірге бетпердені тағу ұсыныстық сипатқа ие», - делінген әкімдік хабарламасында.