Kaspi.kz қосымшасында жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады

Kaspi.kz қосымшасында жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады

Kaspi.kz қосымшасында жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
ашық дереккөзі
Жаңа сервис Kaspi.kz ІІМ Әкімшілік полиция комитеті және ақпараттық-өндірістік орталығы, ІІМ қаржы және технологиялық компаниялардың бірлесуімен әзірленді деп хабарлады turkystan.kz.   Куәлікті ауыстыру процесі өте оңай. Қосымшада суретті және медициналық анықтаманы жүктеп, мемлекеттік бажды комиссиясыз төлеп, жаңа жүргізуші куәлігін цифрлық құжаттардан алу керек. Сондай-ақ жаңа жүргізуші куәлігін алып кетуге ыңғайлы ХҚКО-ны таңдауға болады.
«Өткен жылы автокөлікті онлайн қайта тіркеуді іске қосқанбыз, қазір еліміздегі әр үшінші автокөлік Kaspi.kz арқылы онлайн тіркеледі. Жақында автокөлікті онлайн кепілге қою немесе кепілден шығару сервисін қосқан болатынбыз. Енді Kaspi.kz суперқосымшасында жүргізуші куәлігін небәрі бір сағатта ауыстыратын жаңа сервис әзірленді. Қазақстандықтарға арналған осындай керемет сервистер командамыздың, ІІМ, Цифрландыру министрлігінің және басқа да мемлекеттік ведомстволардың бірлескен табысты жұмысының арқасында іске қосылды» – деді Kaspi.kz-тің негізін қалаушылардың бірі әрі басшысы Михаил Ломтадзе.
Министрліктің айтуынша, аталған қосымша қазақстандықтардың өмірін жақсарта түседі. Себебі, ведомство қаржы мекемелерімен бірлесіп, екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы азаматтарды және автокөлікті тіркеу саласында қызмет көрсетуді жеңілдететін бірнеше жобаны іске қосты.
«Қазіргі таңдағы басты орында тұрған міндеттердің бірі – ХҚКО-ға келетін клиенттердің ағынын азайту. Күн сайын мыңдаған қазақстандық жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін ХҚКО-на жүгінеді. Сондықтан бұл қазақстандықтарға жүргізуші куәлігін алу үшін қолайлы жағдай жасайтын және ХҚКО-ның жұмысын жеңілдететін пайдалы әрі қажетті қызмет», – деді Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин.