Жаңалықтар

«Jas Otan» Жастар қанатының атауы өзгерді

ашық дереккөзі

«Jas Otan» Жастар қанатының атауы өзгерді

Бүгін Зерендіде «AMANAT» партиясы Жастар қанатының кезектен тыс VI съезі өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 350 делегат қатысты деп хабарлады turkystan.kz. Съезде мини-футболдан Еуропа чемпионатының үздік бомбардирі Біржан Оразов ұйымға «Жастар рухы» атауын беру туралы ұсынысын жеткізді. «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов бұл ұсынысқа қолдау білдірді. Сондай-ақ Жастар қанатының жаңа атауын Съезд делегаттары да бірауыздан қолдады. Съезд шешімімен партияның Жарғысына тиісті өзгерістер енгізіліп, жаңа атауы мен белгісі бекітілді. Жастардың көзқарастары, ұстанымдары мен алға қойған мақсаттары әрқилы. Бірақ, осындай айырмашылықтарға қарамастан, бізді туған жерімізде, тәуелсіз және айбынды Қазақ елінде бақуатты әрі бақытты өмір сүруге, болашағымызды Отанымызбен байланыстыруға деген ұмтылыс біріктіреді. Ол өз елімізде жақсы білім алу, табыстарға қол жеткізу, денсаулығымыздың мықты болып, отбасымызбен ырысты һәм берекелі ғұмыр кешу дегенді білдіреді. Бәріміздің басымызды біріктіретін осы арман-мақсаттың маңыздылығы елімізде өзгерістер жүріп жатқан дәл осы сәтте арта түскені сөзсіз. Қазір түбегейлі өзгерістер жасалып жатыр. Олар біздің жарқын болашаққа деген үмітімізді қайта оятты»  деп жазды «Жастар рухының» төрағасы Нұржан Жетпісбаев Facebook-тегі парақшасында.