Бақытбек Есентаев бостандыққа шығады

Бақытбек Есентаев бостандыққа шығады

Бақытбек Есентаев бостандыққа шығады
ашық дереккөзі
Сот продюсер Баян Мақсатқызының бұрынғы жұбайы Бақытбек Есентаевтың мерзімінен бұрын бостандыққа шығу туралы өтінішін қанағаттандырды деп хабарлады  turkystan.kz Алматы облысы сотына сілтеме жасап. 2016 жылы 9 жылға сотталған Бақытбек Есентаев өзіне шығарылған үкімнің үштен екісін, яғни 6 жылын толық өтеген. Ол бір ай бұрын шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін жолдаған болатын. Алматы облысы Қапшағай қалалық соты Есентаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қарады. Прокурор сотталушының өтінішін қанағаттандыруды сұрады. "Сотталушы және оның адвокаты өтінішті толығымен қолдап, қанағаттандыруды сұрады. Жәбірленуші Баян Алагөзова мен оның өкілі Бақытбек Есентаевты мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға келісті. Есентаевтың жазасын өтеу кезінде 11 көтермелеу болған, бір өтелген жаза бар, жазаның үштен екі бөлігін, яғни 6 жыл 1 ай және 2 күнін өтеген, мінез-құлқында оң нәтиже бар. Жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілігін түсінді және жасаған ісіне өкінетінін айтты. Сот үкімі бойынша 756 269 теңге сомасындағы процессуалдық шығындар өндіріп алынды", - деді сот өкілдері.