ІІМ-де кадрлық тағайындаулар болды

ІІМ-де кадрлық тағайындаулар болды

ІІМ-де кадрлық тағайындаулар болды
ашық дереккөзі
ІІМ басшылығы орталық аппарат және облыстық полиция қызметтерінің басшылары лауазымдарына кандидаттарды қарады деп хабарлады turkystan.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Министр Марат Ахметжанов пен оның орынбасарлары үміткерлердің қызметтегі жетістіктерін, кәсібилігі мен жеке қасиеттерін талқылады. Ішкі істер министрінің бұйрығы бойынша: – ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті бастығының міндетін атқарушы лауазымына Қанат Нұрмағамбетов; – ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары лауазымына Олег Цой; – ІІМ Ішкі аудит департаменті бастығының орынбасары лауазымына Байболат Майтанов; – Шымкент қаласы ПД бастығының орынбасары лауазымына Ермахан Абдраманов; – Түркістан қаласы Полиция басқармасының бастығы қызметіне Бауыржан Жанаев тағайындалды.