Еліміздің бір қаласында ауа сапасы нашарлайды

Еліміздің бір қаласында ауа сапасы нашарлайды

Еліміздің бір қаласында ауа сапасы нашарлайды
ашық дереккөзі
Бүгін, 13 шілде күні Қазақстанның барлық қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады деп хабарлады  turkystan.kz. «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, сейсенбіде атмосфералық ауа сапасы тек Ақтөбе қаласында нашарлайды. Басқа қалаларда метеоахуал норма шегінде болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.