Жаңалықтар

Ақмаялықтарды жол мәселесі алаңдатып отыр

ашық дереккөзі

Ақмаялықтарды жол мәселесі алаңдатып отыр

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, AMANAT партиясы фракциясының мүшелері Бақытбек Смағұл мен Геннадий Шиповскихтің Сыр өңіріндегі жұмыс сапары Шиелі ауданына қарасты Ақмая ауылдық округінде жалғасты деп хабарлады turkystan.kz. Мұнда депутаттар жергілікті тұрғындарды алаңдатқан өзекті мәселелермен танысты. Халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік  маңызды бастамалар турасында әңгімеледі. Ақмая ауылдық округінде 3000 мыңға жуық тұрғын бар. Жергілікті халық, негізінен, егін және мал шарушылығымен айналысады. Егістік жерлерінің басым бөлігі «Батыс-Қытай – Батыс-Еуропа» дәлізінің арғы бетінде қалған ауыл тұрғындары егін мен мал азығын тасымалдағанда көршілес ауданға қарасты ауыл мен аудан орталығынан айналып өтуге мәжбүр.  Уақытты айтпағанда, бұлай қатынаудың шығындары да шашетектен.