Мәжіліс депутаты әскери қызметшілермен кездесті

Мәжіліс депутаты әскери қызметшілермен кездесті

Мәжіліс депутаты әскери қызметшілермен кездесті
ашық дереккөзі
Депутаттардың аймақтарға сапары барысында Қазақстан халқы Ассамблеясынан Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесті деп хабарлады turkystan.kz. Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі «сарбаздар аналары» штабының өкілдерімен бірлесіп, облыста орналасқан Ұлттық ұланның әскери бөлімдеріне, теңіз жаяу әскерлері мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадаларына барды. Кездесуге қатысушылар әскери қызметшілердің казармалардағы тыныс-тіршілігімен, тамақтану, сондай-ақ әскери бөлімдердің материалдық-техникалық жағдайымен танысты.  width= Әңгіме барысында Наталья Дементьева ел басшылығы жауынгерлік қабілетті армияны қалыптастыру, әскери қызметтің беделін арттыру және Қарулы Күштерді материалдық жабдықтау мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап өтті. Соңғы уақытта Парламент әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің қорғаныс қабілетін арттыруға және әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар маңызды заңнамалық актілерді қабылдады. Сонымен қатар, сапар барысында Мәжіліс депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Наталья Дементьева өңірдегі этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен және ҚХА құрылымдарымен кездесті. Этномәдени бірлестіктердің белсенді өкілдеріне Наталья Дементьева референдумды дайындау мен өткізуге, сондай-ақ Қазақстандағы достық пен этносаралық бірлікті нығайтуға белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттар табыс етті.