Жаңалықтар

Мәжіліс депутаты әскери қызметшілермен кездесті

ашық дереккөзі

Мәжіліс депутаты әскери қызметшілермен кездесті

Депутаттардың аймақтарға сапары барысында Қазақстан халқы Ассамблеясынан Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесті деп хабарлады turkystan.kz. Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі «сарбаздар аналары» штабының өкілдерімен бірлесіп, облыста орналасқан Ұлттық ұланның әскери бөлімдеріне, теңіз жаяу әскерлері мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадаларына барды. Кездесуге қатысушылар әскери қызметшілердің казармалардағы тыныс-тіршілігімен, тамақтану, сондай-ақ әскери бөлімдердің материалдық-техникалық жағдайымен танысты.