Түркістан облысының тұрғыны есірткімен ұсталды

Түркістан облысының тұрғыны есірткімен ұсталды

Түркістан облысының тұрғыны есірткімен ұсталды
ашық дереккөзі
Түркістан облысында гашиш есірткісін заңсыз сақтаған жас жігіт ұсталды деп хабарлады turkystan.kz. Созақ аудандық полиция бөлімінің 102 пультіне мекемелердің бірінің басшысынан хабарлама түскен. Онда оның қызметкерінің бірі есірткі пайдаланатынын айтқан. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша тіркеуге алды.
«Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары қылмысты ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Тексеру барысында күдіктінің қалтасынан түскен Parlament темекісінің қорабында ақ қағазға оралған есірткі затына ұқсас өсімдік табылды. Сондай-ақ оның жеке басын тінту кезінде сырт киімінің қалтасынан есірткіге ұқсас зат шықты», – делінген хабарламада.
Полицейлер алынған затқа сараптама тағайындады, нәтижесінде оның гашиш есірткісі екендігі белгілі болды. Тәртіп сақшылары күдікті азаматтың бұған дейін де бірнеше рет сотты болғандығын анықтады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.