«Түркістан Аренада» УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі өтуі мүмкін

«Түркістан Аренада» жүргізілген инспекция қорытындысы бойынша УЕФА стадионға халықаралық II дәреже беру туралы шешім шығарды деп хабарлады turkystan.kz Қазақстан Футбол Федерациясына сілтеме жасап.
Енді «Түркістан Арена» стадионында келесі матчтарды өткізуге болады:
– УЕФА Чемпиондар лигасы, УЕФА Еуропа лигасы және УЕФА Конференция лигасының 1, 2, 3 іріктеу кезеңдерінің ойындары;
– Жастар құрамалары (U-21) арасындағы Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеу және финалдық кезеңдері;
– 17 және 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамалары арасындағы Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеу және финалдық кезеңдері;
– Әйелдер құрамалары арасындағы Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеу және финалдық кезеңдері.
Чемпионға арналған пәтер!
Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!