Ресейде жүрген қазақстандықтар паспортын 30 күнде дайындай алады

Ресейде жүрген қазақстандықтар паспортын 30 күнде дайындай алады

Ресейде жүрген қазақстандықтар паспортын 30 күнде дайындай алады
ашық дереккөзі
2022 жылдың 10 шілдесінен бастап Ресей аумағында «ҚР шегінен тыс жерлерде тұратын Қазақстан азаматтарына паспорттарды рәсімдеу» бойынша мемлекеттік қызметті электрондық форматқа көшіру бойынша «пилоттық жобасы» басталды деп хабарлады turkystan.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған жоба Ресейде тұрып жатқан Қазақстан азаматтарына Қазан, Омбы, Санкт-Петербург және Астрахан қалаларындағы ҚР консулдық мекемелері арқылы паспортты 80 күннің орнына 30 күн ішінде рәсімдеуге мүмкіндік береді.
«Бүгінде электрондық құжаттандыру жүйесі Қазақстанның БАӘ (Әбу-Даби, Дубай қалалары), Германия (Берлин, Майндағы Франкфурт, Мюнхен, Ганновер қалалары), Корея Республикасы (Сеул), Ресей (Мәскеу), АҚШ (Вашингтон, Нью-Йорк, Сан-Франциско қалалары), Өзбекстан (Ташкент), Жапония (Токио) мен Түркиядағы (Анкара, Ыстанбұл, Анталья қалалары) шетелдік мекемелерінде сәтті жұмыс істейді», делінген хабарламада.