467 млн теңге жымқырған құрылыс компаниясының басшысы ұсталды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті «Атырау облысы Құрылыс басқармасы» ММ-ның лауазымды тұлғалары мен «Техника-Рем строй» ЖШС-ның басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуді аяқтап, істі сотқа жолдады деп хабарлады turkystan.kz.
Анықталғандай, тергеу жұмыстары әлеуметтік объектілердің, мектептің, 2 отбасылық дәрігерлік амбулаторияның, сондай-ақ спорттық-сауықтыру кешені құрылысына бөлінген аса ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қозғалған.
«Анықталған ақша жымқыру көлемі 467 млн теңге болып отыр. ЖШС-ның басшысына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Серіктестіктің 79 млн теңге көлеміндегі мүлкіне тыйым салынды», – делінген агенттік хабарламасында.
Ал Атырау облысы Құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасарына және тағы да бір тапсырысшыға қатысты «үйқамақта ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.