Жаңалықтар

«AMANAT» партиясы жастар қанатының VI cъезі бастау алды

ашық дереккөзі

«AMANAT» партиясы жастар қанатының VI cъезі бастау алды

Бүгін Ақмола облысының Зеренді ауылында «AMANAT» партиясы жастар қанатының кезектен тыс VI cъезінің ашылу салтанаты өтті. Патриотизмді, жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру, жас қазақстандықтардың әлеуетін арттыру. Осы және өзге де мәселелер туралы «AMANAT» партиясы жастар қанатының кезектен тыс VI съезінің ашылу салтанатында айтылды. «Барлығы 13 адам келдік. Осы үш күннің қалай өтетінін көруге асықпын. Партияның жастар қанатының VI съезі қазақстандық жастар үшін осы жылдың басты саяси оқиғасы болмақ», – деп атап өтті Ақмола облысынан келген делегат Айсара Есет. Съезд барысында жастар қанатын трансформациялау бағдарламасын бекіту, ірі жобалардың тұжырымдамаларын қабылдау, сондай-ақ ұйым құрылымын қайта форматтау жоспарлануда. «Басқа облыстардағы әріптестерімізбен бірге Қазақстан жастарын толғандыратын ең өзекті мәселелерді талқылап, оны шешуге бағытталған жаңа жобаларды әзірлей аламыз», – дейді Абай облысынан келген Темірлан Бақтияров.