Каспий құбыр консорциумының жұмысы жалғасады

Каспий құбыр консорциумының жұмысы жалғасады

Каспий құбыр консорциумының жұмысы жалғасады
ашық дереккөзі
Ресейдің Краснодар өлкелік соты Каспий құбыр консорциумының жұмысын тоқтату туралы шешімін 200 мың рубль көлеміндегі айыппұлмен алмастырды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған кеңесінде мәлімдеді. Ақшолақовтың айтуынша, Каспий құбыр желісі консорциумы толық көлемде жұмыс істеп тұр.
«Каспий құбыр желісі консорциумындағы жұмыс жалғасып жатыр. Осы орайда, екі жылжымалы айлақ қондырғысы іске қосылған, яғни сәуір айының соңында жөндеу жұмыстары бітті. Бұл өз кезегінде мұнай құбырларының қуаттылығын 100 пайыз қамтамасыз етуге жеткілікті. Тағы бір апатты болған жылжымалы айлақ қондырғысы жөндеуде тұр.  Бұл қондырғы осыған дейін жоспарлы жөндеуге тапсырылуы тиіс еді. Сондықтан ондағы жұмыстар жалғасатын болады», - деді Болат Ақшолақов.
Еске салсақ, Новороссийскінің Приморск аудандық соты құжаттық заң бұзушылықтар үшін «КТК-Р» компаниясының қызметін 30 тәулікке тоқтатқан болатын. Премьер-министр Әлихан Смайылов Каспий құбыр консорциумы қызметінің уақытша тоқтап қалуына байланысты жедел кеңес өткізген еді.