Қостанай облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысты

Қостанай облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысты

Қостанай облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысты
ашық дереккөзі
Қостанай облысында темір жол өткелінде жол апаты болды деп хабарлады turkystan.kz.   Оқиға бүгін, 11 шілдеде, сағат 14:35-те Қостанай облысының Тобыл - Құсмұрын учаскесіндегі Притобольская станциясының реттелетін темір жол өткелінде болды.
«Куәгерлердің айтуынша, «Жигули» маркалы көлік жүргізушісі алдында тұрған автокөліктерді айналып өтіп, жүк пойызы келе жатқанда темір жолға шығып кеткен. Апат салдарынан зардап шеккендер бар», – деді ведосмство өкілдері.
Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр. Пойыз сағатына 57 км жылдамдықпен жүріп келе жатқан. ҚТЖ компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, темір жол өткеліндегі белгі беру құрылғысы дұрыс жұмыс істеп тұрғанын айтты.