Жұма, 31 Наурыз, 2023

Уханьда алғаш рет тырысқақ ауруы тіркелді

Қытайдың Ухань қаласында тырысқақ (холера) ауруын жұқтырған алғашқы адам анықталды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі жергілікті штабы мәлімдеді.

Науқас 9 шілде күні Ухань университетінің жатақханасында анықталған. Ауру белгілерінің ішінде диарея, құсу, дене қызуының көтерілуі бар.

Тексеруден кейін аурудың тырысқақ екені анықталды. Қазір науқас дәрігерлердің бақылауында.

Жергілікті билік Ухань университетіне санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді, осы университеттің студенттері мен оқытушылары арасында ішек инфекцияларының алдын алу және күресу бойынша кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Айта кетсек, алғаш рет тырысқақ ауруы 1979 жылдың маусым айының соңында Испанияда тіркелген.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button