«Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, 50-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 69-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 129-бабына жəне «Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мəселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 Жарлығына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
-
Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2022 жылғы 24 тамызға тағайындалсын.
-
Дауыс берудi өткiзу, сайлау қорытындыларын белгілеу жəне Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн айқындау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 129-бабына сəйкес жүзеге асырылатын болып белгіленсін.
-
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының əкімдері Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жəне қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын.
-
Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген хабарламада.