Қазақстан Еленаға чемпион болуға мүмкіндік берді – Ксения Собчак

Қазақстан Еленаға чемпион болуға мүмкіндік берді – Ксения Собчак

Қазақстан Еленаға чемпион болуға мүмкіндік берді –  Ксения Собчак
ашық дереккөзі
Уимблдон турнирінде топ жарған теннисші Елена Рыбакинаның жеңісі туралы ресейлік журналист Ксения Собчак пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz. aikyn.kz-ке сілтеме жасап. «Елена Рыбакина Мәскеуде туып-өскен. Ресейде бақ жұлдызы жанбаған соң Қазақстан азаматтығын алды. Өз елінде ұлттық құрамаға алынбаған спортшының мансап үшін азаматтығын ауыстыруына мүмкіндік бар. Елена Рыбакина Қазақстан азаматы болғандықтан, санкция салынған елдерден сытылып шығып, Уимблдон турниріне қатысты. «Үлкен дулыға» додасында чемпион атанды. Оның жеңісі Ресейдің емес, Қазақстанның жеңісі, өз-өзімізді алдаусыратпайық. Ресейде оның жолы болмады. Қазақстан Еленаға чемпион болуға мүмкіндік берді», –  деді Ксения Собчак.