Ақтөбеде 6 жасар бала суға батып кетті
Ақтөбеде 6 жасар бала суға батып кетті
Ақтөбе облысының Есет батыр ауылында 2016 жылы туған бала суға батып кетті. Қайғылы жағдай 10 шілдеде болған деп хабарлады turkystan.kz.
«Алты жасар бала Есет батыр ауылынан 2 шақырым жердегі Тамды өзенінің бойында белгіленбеген жерде суға батып кетті. Ол ата-анасының қарауынсыз қалған. Құтқарушылар баланың денесін 2,5 метр тереңдіктен судан шығарды», – деді Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздік ережелерін еске салып өтті. Мас күйде шомылуға, қайықтардан, өткелдерден, сондай-ақ осы мақсаттарға арналмаған құрылыстардан суға секіруге, тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерден сүңгуге, рұқсат етілген аумақтан тыс жерде шомылуға, жүзуге арналмаған заттармен жүзу, су объектілерін ластауға және бітеуге, жағада және киім ауыстыратын бөлмелерде демалушыларды жарақаттауы мүмкін қоқыстарды қалдыруға тыйым салынады.