«Біз тарихқа ендік»: Елена Рыбакина Қазақстан халқына алғыс айтты

Елена Рыбакина «Уимблдон – 2022» турниріндегі жеңісінен кейін Қазақстанға келеді деп хабарлады turkystan.kz Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Сейсенбі, 12 шілде күні Нұр-Сұлтанда еліміздің бірінші ракеткасы, «Уимблдон – 2022» чемпионы Елена Рыбакинаның қатысуымен басқосу өтеді. Журналистермен баспасөз конференциясы, жас спортшылармен және жанкүйерлермен кездесу жоспарланған», – делінген хабарламада.
«Қымбатты қазақстандықтар! Үйге бара жатырмын. «Уимблдонда» мені қатты қолдадыңыздар. Рақмет, бәрін сезіндім. Біз бәріміз тарихқа ендік. Бұл – өте керемет! Әлі күнге дейін сене алар емеспін», – дейді спортшы.
Чемпионға арналған пәтер!
Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!