Канеломен жекпе-жек өткізгеннен кейін бокспен қоштаспаймын – Головкин

WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулының иегері Геннадий Головкин Сауль «Канело» Альвареспен өтетін үшінші жекпе-жегі мансабына еш әсер етпейтінін айтты, – деп хабарлады turkystan.kz.
– Мансабымды аяқтайтыным туралы айту қиын. Жоғары деңгейдегі боксты көрсете алатынымды сезінгенше жалғастыра беремін. Денем маған «тоқта» деп айтқанша тоқтамаймын. Орта салмақтағы белбеулерім бар, сондықтан алдағы жекпе-жектегі жеңіс немесе жеңіліс қашан зейнетке шығатыныма әсер етпейді. Әңгіме өзіңізге адал болу, денеңізді, ақыл-ойыңызды тыңдау және ол саған қашан «тоқта» деп айтатынын сезіну туралы болып отыр, – деді GGG Bleacher Report-пен сұхбат барысында.
Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегі 17 қыркүйекте Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) T-Mobile аренасында өтеді.
Чемпионға арналған пәтер!
Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!