Шымкентте ер адам дүкендердегі қайырымдылық жәшігін ұрлаған

Шымкентте ер адам дүкендердегі қайырымдылық жәшігін ұрлаған

Шымкентте ер адам дүкендердегі қайырымдылық жәшігін ұрлаған
ашық дереккөзі
Шымкентте қайырымдылық қорының мүшесімін деп 60 дүкеннен ақша жымқырған алаяқ ұсталды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Абай аудандық полиция бөліміне қайырымдылық қорының өкілі арызданған. Оның айтуынша, белгісіз азамат, қордың атын жамылып, 60 сауда нүктесінде орналасқан жәшіктердегі қаражатты иеленген. Яғни, ол өзін сатушыларға қайырымдылық қорының қызметкері ретінде таныстырып, 300 000 теңгеге жуық қаржыны жымқырып кеткен», - деді ПД өкілдері.
Шағым түскен сәттен бастап тәртіп сақшылары жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті.  Күдікті жалдамалы пәтердің бірінен ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.