Сенбі, 1 Сәуір, 2023

Шымкентте сауда орталығында кәмелетке толмаған қыз қайтыс болды

Шымкент қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қаладағы сауда орталықтарының бірінде кәмелетке толмаған қыз қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz.

3 шілде күні жедел басқару орталығының «102» арнасына қаладағы ойын-сауық орталықтарының бірінде кәмелетке толмаған қыз электр тоғына түсіп, жан тапсырғаны туралы хабарлама түскен.

Тексеріс барысында қыздың сол орталықта жұмыс істейтіні анықталды.

Оқиға Қаратау ауданы Полиция басқармасы СДТБТ-ға ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соғу) бойынша тіркелді. Қазір осы істің мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүріп жатыр.

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button