Жаңалықтар

Коронавирус: Алматы «қызыл» аймаққа өте ме?

ашық дереккөзі

Коронавирус: Алматы «қызыл» аймаққа өте ме?

Алматы коронавирус инфекциясының қайта таралуына байланысты  «қызыл» аймаққа жақындап қалды деп хабаралады turkystan.kz. Бұған дейін «сары» аймақта болған Алматы қаласы соңғы тәуліктегі коронавирус инфекциясын жұқтыру әрі таралу көрсеткіші бойынша алдыңғы орынға шығып, «қызыл» аймаққа жақындады. Ал «жасыл» аймақта тұрған Нұр-Сұлтан қаласы «сары» аймаққа жақын тұр. Қалған қалалар мен облыстар әлі де болса «жасыл» аймақта. Айта кетсек, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 416 жағдай тіркелген болатын.