Дүйсенбі, 20 Наурыз, 2023

Жолаушылар мінген теплоход суға батып кетті

Татарстандағы Волга өзенінде серуендеуге арналған теплоход суға батып кетті. Оқиға кезінде 30-дан астам адам құтқарылды деп хабарлады turkystan.kz.  

«10 шілде күні түстен кейін Аракчино маңындағы Волга өзенінде серуендеуге арналған теплоход суға батып кетті. Жолаушылар катерлер мен қайықтар арқылы құтқарылды», – деп хабарлады тергеу комитеті басқармасының баспасөз қызметі.

Ведомство кемеден құтқарылған 34 жолаушының аман екенін хабарлады. Қазір сүңгуірлер суға батқан кемені тексеріп жатыр.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button