Apple өз тарихындағы ең қымбат смартфонды жарыққа шығармақ

11 шілде, 2022 / Зердебек Темір
ашық дереккөзі
Apple өз тарихындағы ең қымбат смартфонды жарыққа шығармақ AppleInsider дерегінше, iPhone 14 Apple тарихындағы ең қымбат смартфон болмақ. Ол оған дейін шыққан 13-ші модельден 100 долларға артық болады деп хабарлады turkystan.kz. Смартфон бағасының өсуіне – компоненттердің жетіспеушілігі мен ішкі құрылғыға кететін заттардың қымбаттап кетуі әсер етті. Сондықтан жаңадан шығатын iPhone 14 – 899 доллар, iPhone 14 Pro – 1 099 доллар, ал iPhone 14 Pro Max-тың бастапқы бағасы 1 199 долларды құрайтын болады.