Елімізде 45 градусқа дейін аптап ыстық болады

Елімізде 45 градусқа дейін аптап ыстық болады

Елімізде 45 градусқа дейін аптап ыстық болады
ашық дереккөзі
Еліміздің 12 облысында дауылды ескерту жарияланды деп хабарлады turkystan.kz. Нұр-Сұлтанда таңертең және күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде Ақмола облысының шығысында, күндіз солтүстігі, шығысы, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Ақтөбе облысында 42 градус қатты ыстық болуы ықтимал. Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде 43-45 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Күндіз Атырау облысында 39 градус қатты ыстық болуы мүмкін. Облыстың шығысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында сынап бағаны 35-37 градус аптап ыстықты көрсетеді. Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз найзағай ойнаған кезде екпіні 16 м/с жетеді. Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады деп болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыс орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады. Таңертең және күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз оңтүстікте, шығыста соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз батыста, облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 38 градусқа дейін қатты ыстық болуы ықтимал. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында – төтенше өрт қаупі бар. Оралда күндіз 35 градус ыстық болады. Күндіз Жетісу облысының орталығында, солтүстігінде және таулы аудандарында найзағай ойнаы. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай ойнағанда екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с жетеді.