ШҚО-да Balkaragai Tunes халықаралық музыка фестивалі өтті

ШҚО-да Balkaragai Tunes халықаралық музыка фестивалі өтті

ШҚО-да Balkaragai Tunes халықаралық музыка фестивалі өтті
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында шығармашылықпен рухтанған, Алтай әуендерін әуелеткен өнерпаздардың басы қосылатын Balkaragai Tunes халықаралық музыкалық фестивалі өтті деп хабарлады turkystan.kz.  Этнофестивальдің Қазақстанның ең көрікті жерлерінің бірі – Катонқарағай ауданында өтуі кездейсоқ емес. Алтайдың оңтүстігінде орналасқан, Қазақстанның киелі картасында өзіндік орны бар аймақ көркем табиғитымен көпке әйгілі. Оның үстіне, Катонқарағай – түрлі діндер мен нанымдардың, өткеніміз бен бүгініміздің, әртүрлі этностар мен дәстүрлердің үйлесімділігін сақтап қалған мекен.
«Фестиваль жұлдыздары ODUCHU (Тува), еліміздің танымал этномузыканты Еділ Хусайынов және модерн-этноджаз стилінде өнер көрсететін Steppe Sons тобы болды», - делінген хабарламада.
Кеш барысында түркі әлемінің ғасырлық музыкалық және поэтикалық дәстүрлері, үздік туындылары орындалды.