Ең қымбат қалалар тізімі: Нұр-Сұлтан мен Алматы нешінші орында?

Ең қымбат қалалар тізімі: Нұр-Сұлтан мен Алматы нешінші орында?

Ең қымбат қалалар тізімі: Нұр-Сұлтан мен Алматы нешінші орында?
ашық дереккөзі
Numbeo зерттеу қызметі әлемдегі ең қымбат қалалардың тізімін жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Рейтингке 2022 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы алынған. Тізімде Бермуд астанасы Гамильтон бірінші орыннан төбе көрсетті. Ең қымбат қалалар тізімінде екінші орында - Базель (Швейцария), үшінші орында - Цюрих. Сондай-ақ ондыққа Цуг (Швейцария), Лозанна (Швейцария), Берн (Швейцария), Женева (Швейцария), Гонолулу (АҚШ), Санта-Барбара (АҚШ) және Нью-Йорк (АҚШ) кірген. Тізімге Қазақстан қалалары ішінде Алматы мен Нұр-Сұлтан кірген. Олар 466 және 475 орындарды иеленді. Numbeo өз зерттеуіне 510 қаланы таңдап алған.