Қарағанды облысында көлік суға батып, екі адам көз жұмды

Қарағанды облысында көлік суға батып, екі адам көз жұмды

Қарағанды облысында көлік суға батып, екі адам көз жұмды
ашық дереккөзі
Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында 56 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жол шетіне шығып кетіп, суға құлаған. Салдарынан екі адам қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz. Облыстық ПД баспасөз қызметі мәліметінше, жол апаты 9 шілде күні сағат 18.15 шамасында «Қарағанды-Қарқаралы» автожолының 34-ші шақырымында болған.
«Жол апаты салдарынан 70 және 56 жастағы жолаушылар оқиға орнында көз жұмды. Көлік жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Факт полицияда тіркеліп, тиісті сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - делінген хабарламада.