Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер республика бойынша 2022 жылғы 9-11 шілдедегі ауа райы болжамын жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазгидрометтің» мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың барлық аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл, солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ауа температурасы күндіз батыста +30+38°С, оңтүстік-батыста + 30+41°с, солтүстік-батыста + 22+33°С, солтүстікте, орталықта +22+30°С, шығыста ауа температурасы + 17+25°С-тан +23+31°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста +20+29°С-тан +23+32°С-қа дейін жоғарылауы болжанады, елдің оңтүстігінде ауа температурасы +27+35°С күтіледі.