2035 жылға қарай елорда тұрғындарының саны 2 есе ұлғаяды

2035 жылға қарай елорда тұрғындарының саны 2 есе ұлғаяды

2035 жылға қарай елорда тұрғындарының саны 2 есе ұлғаяды
ашық дереккөзі
2035 жылға қарай Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары 2 есеге ұлғаяды. Мұндай болжамды елорда әкімі Алтай Көлгінов жасады деп хабарлады turkystan.kz. «Елорда көшірілгеннен кейінгі ең бірінші бекітілген бас жоспарға сәйкес, 2030 жылға қарай қаланың халық саны 800 мың адам болады деп жоспарланған. Одан кейін 2010 жылы бас жоспар қайтадан түзетіліп, 2030 жылға қарай болжам бойынша 1,2 млн адамға жетуі тиіс еді», – деді Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Оның атап өтуінше, бүгінде қала халқының саны 1,2 млн адамнан асып кетті. «Алайда, қазірдің өзінде бұл көрсеткішке жеттік. Бүгінде бас жоспар түзетілді. Болжамға сәйкес, егер дәл қазіргі өсім динамикасы сақталатын болса, онда 2035 жылға қарай халық саны екі есеге артатын болады», – деді елорда әкімі.