Пәкістанда су тасқыны 77 адамның өмірін қиды (ВИДЕО)

Пәкістанда су тасқыны 77 адамның өмірін қиды (ВИДЕО)

Пәкістанда су тасқыны 77 адамның өмірін қиды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Пәкістанда нөсер жаңбыр жауып, су тасқыны жүрді. Жауын-шашын салдарынан жеті бөгет жарылып, бірқатар аудан су астында қалды деп хабарлады turkystan.kz. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, нөсер жаңбыр Белуджистан, Пенджаб және Хайбер-Пахтунхва провинцияларында, сондай-ақ Гилгит-Балтистан аймағында жауған. Ал Белуджистан провинциясында 5 шілдеден бері апаттан ажал құшқандардың жалпы саны 39-ға жетті. Олардың бесеуі суға батып қаза болды, төрт бала ғимарат қабырғасының астында қалып мерт болды. Жауын-шашын салдарынан жеті бөгет жарылып, бірқатар аудан су астында қалды. Қазір апат аймағында құтқару жұмыстары жүріп жатыр.