Нұр-Сұлтанда су басу мәселесі шешілді

Нұр-Сұлтанда су басу мәселесі шешілді

Нұр-Сұлтанда су басу мәселесі шешілді
ашық дереккөзі
Елордада 146 проблемалы учаскеде су басу мәселесі шешілді. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты деп хабарлады turkystan.kz. Ресми мәліметтер бойынша, 130 км астам нөсер кәрізі мен арық-науа жүйесі салынды, мыңға жуық бақылау және жаңбыр қабылдағыш құдық, сондай-ақ, 20 км коллектор тазартылды, 6,5 мың құбыр буландырылып, 350 тоннаға жуық тұнба қалдық шығарылды.
«Толассыз жауын жауса, Б.Момышұлы даңғылын су басатын. Автобустарға су кіретін. Бұл мәселе шешілді: құбырдың диаметрі ұлғайтылды, қосымша сорғы орнатылып, нөмер жинақтағышын кеңейтеміз. Ең проблемалы учаскелер – Тәшенов, Иманов, Республика, Бараев көшелері. Бұл мәселелер күн тәртібінен алынып тасталды. Тәшенов көшесінде батпақ болды, 42 мың текше метрлік су жинақтағышын орнаттық. Нөсер кәріздерін тазартумен айналысатын арнайы компания құрылды және осы жылдар ішінде нөсер кәрізіне арналған 130 км құбыр салынды. Бұл жұмыс жалғасуда. Жалпы, 146 проблемалық учаскеде мәселе шешілді, ал олардың саны 200-ден асады. Сондықтан жұмыс жүріп жатыр», - деді әкім.