Жарты жылда 89 жеткіншек жол апатынан көз жұмған – ІІМ
Жарты жылда 89 жеткіншек жол апатынан көз жұмған – ІІМ
Алты айда еліміздің жолдарында 6 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жол апатынан 900-ден астам адам қаза болған, 8 мыңнан астам адам әртүрлі дене жарақаттарын алған.
Оның ішінде кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қатысуымен 1 426 жол апаты тіркелген. 89 жеткіншек қаза болып, 1 678 жасөспірім әртүрлі дене жарақатын алған.
ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранованың айтуынша, жол-көлік оқиғаларының 95% жүргізушілердің жол жүрісі қағидаларын сақтамағаннан болады. Жүргізушілердің көпшілігі автокөлікті белгіленген жылдамдықтан асырып басқарады, жол белгілерін елемейді, рөлге ішімдік ішіп алып отырады.
«Мәселен, балалар да жол жүрісіне қатысушы. Олар көбіне жолаушы ретінде жол-көлік оқиғасынан зардап шегеді. Себебі, жүргізушілер автокөлікте балаларды тасымалдау ережесін сақтамайды. Ата-аналардың немқұрайлылығы тағы бар», – деді Ақтоты Боранова.