Қайрат Боранбаевты қамау мерзімі тағы бір айға ұзарды

8 шілде, 2022 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Қайрат Боранбаевты қамау мерзімі тағы бір айға ұзарды Қайрат Боранбаевты қамау мерзімі ұзартылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«2022 жылғы 8 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.Боранбаевқа қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты», - делінген баспасөз хабарламасында.
Еске салсақ, Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевқа квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісі бойынша іс қозғап, уақытша ұстау изоляторына қамаған болатын.