Ақмола облысынан қола дәуіріне жататын құнды жәдігерлер табылды

Ақмола облысынан қола дәуіріне жататын құнды жәдігерлер табылды

Ақмола облысынан қола дәуіріне жататын құнды жәдігерлер табылды
ашық дереккөзі
Ақмола облысынан кейінгі қола дәуірінің жәдігерлері – әшекей бұйымдар мен қыш ыдыстардың қалдықтары табылды. Археологтар жәдігерлерді ежелгі Кеңөткел қорымын зерттеу кезінде тапты деп хабарлады turkystan.kz. Кеңөткел қонысы – Ақмола облысындағы ең үлкен қоныстардың бірі. Бұл жер сонау 1980 жылдардан бері зерттеліп келеді. Биыл маусымның 6-сынан бастап, археологиялық қазба жұмыстары жүріп жатыр. Зерттеу барысында археологтар қола дәуірі кезеңіндегі тұрмыстық заттарды тапты.
«Біз алғаш рет шағын пішінді қыш ыдыстарды таптық. Бұл - кейінгі қола дәуірі. Мұнда ою-өрнектер жоқ, бірақ ерте темір дәуірінің ежелгі түркі жазбаларына ұқсас жазулар бар. Жалпы, басқа керамикалық ыдыстардағы өрнектер біздің дәуірімізге дейінгі 17-15-ғасырларда осы аймақта өмір сүрген адамдардың дүниетанымы, сенімі мен мәдениетінен хабар береді», – деді облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының басшысы Жасұлан Үкеев.