2 млн теңге: талантты жастарға арналған гранттар конкурсы жарияланды

2 млн теңге: талантты жастарға арналған гранттар конкурсы жарияланды

2 млн теңге: талантты жастарға арналған гранттар конкурсы жарияланды
ашық дереккөзі
Нұрсұлтан Назарбаев қоры ЖасStar GRANTS PROGRAM — шығармашылық жобаларды іске асыруда талантты жастарға арналған гранттар конкурсын жариялайды. Байқаудың 10 жеңімпазына жобасын іске асыруға 2 млн теңгеден грант беріледі деп хабарлады turkystan.kz. Байқаудың басты мақсаты – жас мәдениет және өнер қайраткерлерін, сонымен бірге, мәдениет және өнер, дизайн, сән және шығармашылық кәсіпкерлік саласындағы қызметті жүзеге асыратын суретшілердің, креаторлардың, шығармашылық бірлестіктер мен ұйымдардың жобалары мен жұмыстарын қолдау. Байқау шарттары: - 40 жасқа дейінгі адамдар; - Қазақстан Республикасының азаматы; - Өнер және мәдениет саласы қызметкерлері; Байқау үш кезеңнен тұрады:  I – өтінімдерді қабылдау және бастапқы іріктеу – 2022 жылғы 1 шілдеден 18 қыркүйекке дейін. II – жобаларды бағалау және финалистердің шорт-парағын қалыптастыру. III – Алматыда финалистердің тұсаукесері және «ЖасSTAR» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі аясында жеңімпаздарды анықтау.