Шымкентте полицейлер сәби мен зейнеткерді өрттен құтқарды

Шымкентте полицейлер сәби мен зейнеткерді өрттен құтқарды

Шымкентте полицейлер сәби мен зейнеткерді өрттен құтқарды
ашық дереккөзі
Шымкенттік полицейлер жергілікті тұрғындарды өрттен құтқарды деп хабарлады turkystan.kz.   Қалалық Полиция басқармасының мәліметінше, өрт «Жоғарғы Отырар» шағынауданындағы үйлердің бірінен шыққан.
«Полиция қызметкерлері шұғыл түрде оқиға орнына барды. Олар уақыт жоғалтпай өрт сөндірушілер келгенше пәтер тұрғындарына өз бетінше көмек көрсетті», – деді баспасөз хабарламасында.
Айта кетсек, тәртіп сақшылары өрт шыққан ғимараттан жаңа туылған нәресте мен мүгедек қарт кісіні алып шықты. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ.