Сенбі, 25 Наурыз, 2023

Түркістанда жасанды көлі бар саябақ ашылды

Түркістан қаласында Президент саябағы ашылды. Жасанды көлдің сыйымдылығы – 100 мың текше метрге жуық деп хабарлады turkystan.kz.   

Мұнда қайықпен серуендеуге, су спортымен шұғылдануға мүмкіндік бар. Жалпы, саябақтың көгалдандырылған аумағының көлемі – 25 гектарға жуық. Сондай-ақ аллея, субұрқақтары мен балалар ойын алаңшалары, мен жүгіру және веложолы бар.

Түркістанда жасанды көлі бар саябақ ашылды

Бұдан бөлек, жаңа саябақта 7 мыңнан астам ағаш, 43 мың түптен астам гүл егілген. Әлемнің бірнеше мемлекетінен елімізде сирек кездесетін ағаш түрлері әкелінген. Жарықшамдар орнатылған. Алдағы уақытта саябақта кәсіпкерлікті дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған біршама жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр .

Айта кетсек, саябақтың ашылуына орай «Түркістан маржандары» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button