Рыбакинаның финалдағы қарсыласы туралы не білеміз?

Рыбакинаның финалдағы қарсыласы туралы не білеміз?

Рыбакинаның финалдағы қарсыласы туралы не білеміз?
ашық дереккөзі
Қазақстандық Елена Рыбакина Лондонда өтіп жатқан Wimbledon 2022 (Уимблдон) турнирінің финалына жолдама алды. Бұған дейін қазақстандық теннисші Grand Slam жарыстарының жекелей сынында финалға шықпаған еді деп хабарлады turkystan.kz. Рыбакина биылғы Wimbledon жарысында финалға дейін мына теннисшілерден басым түсті: Бірінші айналым: Коко Вандевеге (АҚШ) - 7:6 (7:2), 7:5 Екінші айналым: Бьянка Андрееску (Канада) - 6:4, 76 (75) Үшінші айналым: Чжэн Циньвэнь (Қытай) - 7:6 (7:4), 7:5 Төртінші айналым: Петра Мартич (Хорватия) - 7:5 6:3 Ширек финал: Айла Томланович (Австралия) - 4:6, 6:2 6:3 Жартылай финал: Симона Халеп (Румыния) - 6:3, 6:3 Отандасымыз Рыбакинаның финалдағы қарсыласы  - тунистік 27 жастағы Онс Жабер. Ол - араб әйелдері арасынан және Солтүстік Африка елдерінен Grand Slam жарысына шыққан алғашқы теннисші. Жабер - бірқатар ұлттық және континентальдық рекордтар орнатқан африкалық теннисші. Тунистен келген спортшы қазір жоғары кәсіби рейтингіге ие және Үлкен дулыға (Большого шлема) турнирлерінің ¼ финалына шыққан алғашқы араб әйел. Жанкүйерлердің сүйікті есебінде оннан астам ITF титулдары бар, сондай-ақ беделді халықаралық WTA жарыстарында сәтті өнер көрсеткен. Ол 1994 жылы 28 тамызда Каср-Хилял қаласында (Тунис) дүниеге келген. Алғаш рет ракетканы үш жасында қолына алып, 6 жасынан бастап, теннис мектебіне барған. 2011 жылы жасөспірімдер арасында өткен «Ролан Гаррос» кубогын жеңіп алды. Кәсіби мансабын 2010 жылы бастаған. 2013 жылдың желтоқсан айының соңында Онс Жабер теннисшілер рейтингісінде 135-орында болды. Онс Жаберге қатысты деректер: Араб, ағылшын және француз тілдерін еркін меңгерген және орыс тілін үйреніп жүр. Тунистік теннисші футбол ойнайды және «Реал Мадрид», «Этуаль спорт» кәсіби командаларының жанкүйері. Жабер – «Үлкен дулыға» (Большого шлема) қорының құрылтайшылары тапсырған гранттың иегері. 2019 жылы атақты қарсыластарынан асып түсіп, теннисшілердің әлемдік рейтингісінде үздік ТОП 100-ге кіргені үшін Arab Women of the Year сыйлығын иеленді. Айта кетейік, Елена Рыбакина мен Онс Жабер арасындағы финал 9 шілде күні өтеді.