Жаңалықтар

Елімізде жас журналистер мектебі ашылады

Елімізде жас журналистер мектебі ашылады

Жобаға кем дегенде қазақстандық 300 жас қатыса алады деп хабарлады turkystan.kz Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік жоба жас журналистердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға, коммуникация құруға арналған жаңа алаңдарды қалыптастыруға, жас журналистердің шығармашылық және қоғамдық белсенділігін ынталандыруға бағытталған.

Жоба аясында конкурстық негізде жас журналистерге 20 шағын грант бөлінеді. Кәсіби білім алу және үздік тәжірибе алмасу бағытындағы оқытудан кемінде 300 жас қазақстандық өтеді. Сондай-ақ Нұр-Cұлтан, Шымкент және Ақтөбе қалаларында жастарға арналған пікірталас алаңдары жұмыс істейді.

Әлеуметтік жоба Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранттық жобасы аясында жүзеге асырылады.