Алматыда жерге көмілген қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды

Алматыда жерге көмілген қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды

Алматыда жерге көмілген қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды
ашық дереккөзі
Алматының Медеу ауданында көмілген қару-жарақпен оқ-дәрілер табылды деп хабарлады turkystan.kz.  Алматы қалалық Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлеріне қару-жарақ жасырылған орын белгілі болды. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлерімен бірлескен жедел тексеріс барысында, Сахариев көшесінің маңында жыраға қарай түсерде, ағаштардың арасынан ақ қапшыққа салынған қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды. Полиция қызметкерлері 12 калибрлі тегіс ұңғылы 2 мылтық, 12 калибрлі тегіс ұңғылы «Макаров» тапаншасы, «Форт 17Т» маркалы травматикалық тапанша, РГД – 5 гранаталары, 13 дана 12 калибрлі патрондар, 9 мм патрондар – 15 дана, қуаттандырғышы бар «Kirisun» рациясын тәркіледі.
«Барлық тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді. Аталған дерек Медеу аудандық полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 287- бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді. Барлық тергеу әрекеттері жүргізілген соң, арсеналдың кімдікі және қайдан шыққаны белгілі болады», – деді Полиция департаменті.