Чемпиондар лигасындағы «Қайрат» пен «Аяттың» қарсыластары анықталды
Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды деп хабарлады turkystan.kz.
Биыл жарысқа Қазақстаннан екі команда қатысады. «Қайрат» АФК жеребе нәтижесі бойынша А тобына түсіп, франциялық «Спортинг», бельгиялық «Андерлехт» және испаниялық «Мальоркамен» қарсылас атанды.
Ел чемпионатының күміс жүлдегері «Аят» «Ново Время», «Пула» және «Спортинг» командаларымен В тобына түсті.
Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіне әр топтан бір команда шығады.
Ойындар 25-30 қазан аралығында өтеді. Әр топтан элиталық кезеңге бір командадан шығады.