Жаңалықтар

Жаңаөзенде заңсыз ойынхана табылды

ашық дереккөзі

Жаңаөзенде заңсыз ойынхана табылды

Жаңаөзен қаласында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында заңсыз ойынхана анықталды деп хабарлады turkystan.kz. «Маңғыстау облыстық ПД криминалдық полиция қызметкерлері Жаңаөзен қаласында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында «Шаңырақ» шағынауданынан заңсыз ойынхана анықтады. Тексеру барысында мониторлар, процессорлар, теледидарлар, кассалық және қолма-қол ақша табылып, тәркіленді», – деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі. Аталған дерек Жаңаөзен қаласының Полиция басқармасы АЕК-де тіркелді және жиналған іс-қағаздар процессуалдық шешім қабылдау үшін Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.