Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына шықты

7 шілде, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына шықты Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына шықты деп хабарлады turkystan.kz.         Жартылай финалда WTA рейтингінде 23-орында тұрған Рыбакина 18-орындағы румын қызы Симона Халеппен кездесті. 37 минутқа созылған бірінші сетті Рыбакина 6:3 есебімен өз пайдасына аяқтады. Бұл гейма барысында қазақстандық теннисші бір брейк істеді. Ал екінші сетті Елена 6:3 есебімен жеңді. Осылайша Рыбакина финалға шықты. Енді Уимблдон турнирінің финалында отандасымыз әлемнің екінші нөмірлі теннисшісі Онс Жабермен кездеседі. Өз кезегінде тунистік теннисші жартылай финалда Татьяна Марияны 6:2, 3:6, 6:1 есебімен жеңді.