Берлиндегі лаңкестікті "Ислам мемлекеті" ұйымы мойнына алады

Берлиндегі лаңкестікті "Ислам мемлекеті" ұйымы мойнына алады

Берлиндегі лаңкестікті "Ислам мемлекеті" ұйымы мойнына алады
ашық дереккөзі
«Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы (ҚР аумағында тыйым салынған) Берлинде болған теракті үшін жауапкершілікті өз мойнына алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ресей Жаңалықтары агенттігіне сілтеме жасап. Еске салайық, дүйсенбі күні кешке Берлин орталығында жүк көлігі рождестволық базарға жиналған қалың жұрттың арасымен жүріп өткен болатын. Салдарынан 12 адам көз жұмып, 50-ден астамы ауруханаға жеткізілді. Германия канцлері Ангела Меркель мұны ресми түрде теракт деп таныды.
Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев А.Меркельге, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Германия халқына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.