Жаңалықтар

Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

ашық дереккөзі

Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады деп хабарлады turkystan.kz. 8 шілдеде күндіз Түркістан облысының солтүстігінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда күші 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Солтүстік Қазақстан облысының түнде солтүстігінде, батысында, шығысында, күндіз батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. 8-9 шілдеде түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қаласында күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 8 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі, Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 күтіледі. Қарағанды қаласында найзағай күтіледі. Жетісу облысының орталығында, шығысында және таулы аудандарда найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Талдықорғанда түнде найзағай күтіледі. Ақтөбе облысының түнде оңтүстігінде, күндіз солтүстік-шығысында найзағай күтіледі.