Мәжіліс депутаттары дәрігерлік амбулатория құрылысымен танысты

Мәжіліс депутаттары дәрігерлік амбулатория құрылысымен танысты

Мәжіліс депутаттары дәрігерлік амбулатория құрылысымен танысты
ашық дереккөзі
Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мейрамбек Төлепберген мен Гүлдара Нұрымова Қаракемер ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысымен танысты. Онда амбулатория құрылысын жүргізіп жатқан «ҚазМұнайҚұрылыс» ЖШС өкілдерімен және жұмысшыларымен кездесіп, құрылыс жұмыстарындағы мәселелерді талқылады.  width= Мәжіліс депутаты Мейрамбек Төлепберген «AMANAT» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі  Жол картасы аясында  бой көтеріп жатқан әлеуметтік нысан екенін айта келіп, құрылыс жұмысының сапасы мен жоспарлы уақытта аяқталуы депутаттардың бақылауында екенін  жеткізді Айта кетсек, нысан құрылысы өткен жылдың 19 қазанында басталған болатын. Жақын арада пайдалануға беріледі деп жоспарлап отыр. Онда 1600-ден астам ауыл халқына қызмет етуге мамандар дайын. Ал аудан әкімдігі дәрігерлік амбулаторияның ескі ғимаратын тұрғын үй ретінде қайта жасақтап, ауыл дәрігерлерін баспанамен қамтамасыз етуді қарастырып жатыр.